Previous Page  12 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 192 Next Page
Page Background

12

Даналық ойдан дән ізде

Бұлардың бәрі көзіміз күнде көріп, сезіп-біліп

жүрген үйреншікті дүниелер болғандықтан, қалыпты

нәрсе ретінде қабылдауға бойымыз дағдыланған. Алай-

да бұлардың өзі түсінген жанға екі дүниелік дәріс беріп

тұрған мол хикметтер. Ендеше, айналамызға жай көзбен

емес, ғибрат көзімен қарауға көшетін кез келген секілді.

Абай атамыз айтқандай, жақсылық көрсек ғибратты,

оны бойға жинай білгеніміз жөн.

Бір хадисте былай делінген:

«Егер Алла бір құлын

жақсы көрсе, Жәбірейіл періштеге былай дейді: «Ра-

сында, Алла пәлен құлды жақсы көрді. Сен де оны

жақсы көр». Сонда ол құлды Жәбірейіл періште де

жақсы көреді. Сосын өзге періштелерге былай деп жар

салады: «Алла пәлен құлды жақсы көрді. Сендер де сол

адамды жақсы көріңдер». Сөйтіп бүкіл періштелер сол

құлды жақсы көреді».

(Бұхари, Мүслим).

Бірақ Алла адамды соншалықты хикмет пен

нығметке, Өзінің шексіз махаббатына жайдан-жай

бөлемеген. Алла тағала бізге жаудырған осыншалықты

мол мейірімінің ақысын сұраса не істер едік? Оны қалай

өтер едік? Әрине, біздің барымыз да, нарымыз да Ал-

ладан болған соң, оған төлер ештеңеміз жоқ. Ал енді

осының шүкіршілігі ретінде Аллаға бас иіп, құлшылық

етудің қаншалықты маңызды екенін өзіңіз топшылай

беріңіз. Қасиетті Құран кәрімде: «

Жындар мен адам-

затты тек қана Маған құлшылық етсін деп жарат-

тым

» («Зарият» сүресі, 56-аят) делініп, жаратылыс

мақсаты білдірілген. Иә, Алланың хикметтерін сезген

жан құлшылығын да махаббатпен атқарады.

Адамның Алла алдындағы бағасы, ең алдымен, има-

нына байланысты. Себебі иманды жан өз жаратылысы-

на қарап, құдіретті Алла тағаланың көркем есімдерін