Previous Page  9 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 192 Next Page
Page Background

9

ДАНАЛЫҚ ОЙДАН ДӘН ІЗДЕ

Адамды сүй, Алланың хикметін сез

Данышпан Абай атамыз өлеңдерінің бірінде: «Адам-

ды сүй, Алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде

одан басқа?!» деп толғаған. Байқасақ, заңғар ойшыл

атап отырған бұл екі түсініктің арасында тығыз бай-

ланыс бар. Сондықтан адамды, ең алдымен, Алланың

мың сан хикметінің айқын айғағы болғаны үшін жақсы

көруміз керек.

Кемеңгер атамыздың өлеңіндегі «махаббатпен

жаратқан адамзатты» деген жолдар адам баласының

тұла бойы хикметке толы дегенді білдірмей ме? Жара-

тушы иеміз қасиетті Құранда: «

Анығында, адам ба-

ласын ардақты еттік»

(«Исра» сүресі, 70-аят) деген

аят келтірген. Ендеше, ұлы Алла тағала осыншалықты

әспеттеп жаратқан адамды сүюдің өзі даналықтың бір

белгісіндей.

Адамнан өзге жаратылыстарда да Алланың

хикметтері өте мол.Мәселен, кіп-кішкентай құмырсқадан

бастап, алып галактикаларға дейінгі жаратылыстарға

бір сәт ой жүгіртіп көрейікші. Осыншалықты алып

сарайдағы барша тіршілік иелері бір кісінің баласын-

дай ұйымдасқан, ымыраласқан түрде өз міндеттерін

атқаруда. Олардың қай-қайсына назар аударсақ та,

сөзсіз Алла тағаланың құдіретіне таң қаларымыз хақ.

Бір ағаштың тырнақтай дәннен өсіп шығуынан бастап,