13
Даналық ойдан дән ізде
байқай алады. Мәселен, адам баласының ешбір
кемшіліксіз жаратылғандығы Алланың Субхан сипа-
тынан хабар береді. Алланың бұл есімі бүкіл кемшілік,
нұқсан атаулыдан пәк деген мағынаны білдіреді. Ал
дүниеге келуі Алланың Халиқ
– Жаратушы деген
си-
патын еске салады. Сондай-ақ адамның тәніндегі сан
алуан ағзалары мен рухындағы мыңдаған сезімдері
Алланың Қадир - Барлық нәрсеге құдіреті жетуші де-
ген сипатын айғақтайды. Жер бетіндегі барша адамның
әр күнгі несібесін уақтылы қамтамасыз етіп тұруы
Жасаған иеміздің Раззақ (Рызық-несібе беруші) деген
есімінің өмірдегі бір дәлелі. Адамды былай қойғанда,
жердегі, көктегі, теңіздегі он сегіз мың ғаламның рызық
– несібесі жайлы ойлап көріп пе едіңіз? Мұның бәрі
де Алланың Ұлылығының алдында бас июге тұратын
айқын белгілер емес пе? Абай атамыздың «Алланың
хикметін сез» деп жырлауының бір себебі осында.
Сол сияқты адам бойынан Алланың Адил (Әділетті),
Рахим (шексіз мейірімді), Жәууад (жомарт) деген
есімдерін көре аламыз.
Қысқасы, адам жаратылысы тұтастай тұнып
тұрған хикмет, оқылып бітпеген кітап, сыры ашылып
болмаған сандық. Ойланған адамға осы ғажап кітаптың
ойы түсінікті болып, сандықтың сыры ашыла түседі.
Ал өзі туралы да, айналамыздағы өзге жаратылыстар
туралы да ойланбаған кісі үшін өмірдің мәні түкке де
тұрғысыз. Мәселен, сәулет өнерінен еш хабары жоқ
адамға ғажайып сарайдың сызбасын көрсетсең, ол
ондағы айқұш-ұйқыш сызықтардан ештеңе түсіне ал-
майды. Ал көре білгенге ол керемет өнер туындысы.
Сол секілді бойында иманы бар адам өзінің және барша