Previous Page  15 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 192 Next Page
Page Background

15

Алланың өзі де рас, сөзі де рас

Абай хакімнің «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, рас

сөз еш уақытта жалған болмас» деген нақылы барша

қазаққа таныс. Абай атамыз бұл өлеңінде Аллаға және

оның қасиетті кәләмына, яғни Құранға иман келтіру

жайлы тоқсан ауыз сөзді тобықтай етіп жеткізген.

Сондықтан Құран жайлы, мұсылман адамдардың оны-

мен қарым-қатынасы қандай болуы керектігі жайлы

ойларымызды бөліспекпіз.

Құран – адамзатты тас-түнек қараңғылықтан

құтқарып, нұрға бөлеген мейірім мен рақымға толы

кітап. Бұл жайында Алла тағала былай дейді:

«

Ол

сендерді қараңғылықтан жарыққа шығару үшін

құлына ап-анық аяттар түсірді. Сөзсіз, Аллаһ тым

мейірімді, аса рақымды

»

(«Хадид» сүресі, 9-аят).

Дүние жүзінде Құраннан қастерлі, Құраннан құрметті

кітап болмайтыны сондықтан.

Құран – белгілі бір дәуірге немесе белгілі бір

қауымға ғана жіберілген мазмұны шектеулі кітап

емес. Ол – күллі адамзаттың игілігі үшін түсірілген

ең ақырғы иләһи кітап. Ол барлық нәрседен хабардар,

білімі шексіз Жаратушы иеміздің сөзі. Мұсылман

ғұламалары Ғалам, Адам және Құранның арасында

өте тығыз байланыстың барын айтады. Барша әлем мен

адамның жаратылысындағы ақиқаттар Құранда түп-

түгел қамтылған. Он сегіз мың ғалам мен адамзат сыр-

ларын аңғарғымыз келсе, қасиетті Құранға үңілуіміз ке-

рек. Құранның тереңдігін осы тұрғыдан бағамдауымыз

ләзім.