16
Даналық ойдан дән ізде
Құран – адамның тек руханиятына ғана емес,
материалдық өміріне де теңдессіз пайда келтіретін
кітап. Бірақ бүгінде Құранның пайдасын мұсылман
елдеріне қарағанда батыс елдері көбірек көріп отырған
секілді. Себебі орта ғасырларда батыс қоғамы мұсылман
ғұламаларының Құраннан бастау алған ғылыми
жетістіктерін жан-жақты зерттеді. Мұсылмандар жазған
еңбектерді университеттерінде сан ғасыр бойы оқытты.
Ислам теңізінің түбінде жатқан інжу-маржандарды теріп
алып, өмірде жүзеге асырды. Көп оқыды. Аз ұйықтады.
Сөйтіп бүгінгі деңгейге жетті. Әрине, Құранды толық
мойындап, оған иман келтірмегендіктен техникалық
жақтан қарыштап дамығанмен, рухани жағынан
құлдырап, азғындай берді. Мұны бүгінде көзіміз көріп
отыр. Міне, бұл бізге өмірлік сабақ болуы тиіс.
Құранның терең мазмұнына бойлау оңай ша-
руа емес. Оның қатпар-қатпар мәндерінің ашылуы-
на адамның имани тереңдігі, жүрек тазалығы, көңіл
байлаулығы, ақиқатты көре білу, түйсіне білу қабілеті
де керек. Ал мұның бәрі, ең әуелі, Алла тағаланың
жәрдем беріп, жол көрсетуімен, көкірек көзінің ашылу-
ымен, Алла тағаладан тиісті дәрежеде қорқумен келетін
дүниелер. Қасиетті Құранда: «
Құлдарының арасында
ғалымдары ғана Алладан өз дәрежесінде қорқады
»
деген аят бар («Фатыр» сүресі, 28-аят). Бұл аятта білім-
ғылым Алладан қорқумен байланыстырылған. Адам
Алланы қаншалықты көбірек таныса, соншалықты
қорқады. Абдуллаһ ибн әл-Утайық Аллаға бет бұрған
жанды құсқа ұқсатады.: «Аллаға деген махаббат ол
құстың басы болса, үміт пен үрей – қос қанаты. Басы
бүтін, қанаттары сау құс қана діттеген межесіне қарай
дұрыс ұшады» (А. Утайық. «Даналық бастауы – Ал-