Previous Page  21 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 192 Next Page
Page Background

21

Даналық ойдан дән ізде

береді. Соның бәрінің кілті мұсылмандар күнделікті

құлшылық үшін оқитын қасиетті Құран кәрімде.

Бүкіл жаратылыстың мәнін діннен өзге ештеңе

ашып бере алмайды. Математиканың да, физиканың

да, химияның да, әлеуметтанудың да тереңдеген сай-

ын ақиқатпен ұштасып, дінмен біте қайнасып кететінін

ойлы жандар тез ұғады. Физика мен химия секілді жа-

ратылыс ғылымдары бірте-бірте түбі бір Жаратушының

бары хақ деген тұжырымға келе жатса, әлеуметтану

мен тарих сынды гуманитарлық ғылымдар қоғамды

Құран қағидасынан артық ештеңе де түзете алмайды

деген тоқтамға келері анық. Ал бұл заңдылықтарды

әуел бастан білетін мұсылмандар Құранның нұрлы ба-

яндары арқылы адамзатқа пайдалы көптеген ғылыми

жаңалықтарды ашты. Сол көне классикалық еңбектердің

бәріне ортақ нәрсе – барлығының да негізгі қайнар көзі

Құран мен хадис болуында.

Сондай-ақ өзге діннің өкілдері болса да, өз саласының

білгірі атанған Гетенің, Шопенгауердің, кешегі Капи-

тан Кустоның Құран жайлы, Ислам жайлы мақтау сөз

айтуы бекер емес. Бүгіннің өзінде бүкіл өмірін арнап

жүріп ашқан жаңалығының тобықтай түйінін қасиетті

Құраннан оқыған батыс ғалымдары Исламды қабылдап

жатқанын білеміз. Мысалы, анатомия мен эмбриоло-

гия саласының белгілі ғалымы, Канаданың Торонто

университетінің профессоры Кейц Моур, Америкалық

теңіз зерттеушісі, профессор Виллиам Хай, Оксфорд

университетінің физика зерттеушісі, профессор Роберт

Матхиюс, дүние жүзіне танымал геологтардың бірі,

профессор Альфред Кронер, Германия федералдық

физика инситутының директоры, профессор Вернер