23
Алла тағалаға дос болу
Абай атамыздың көп өлеңінің негізгі идеясы иман
мен Ислам екенін енді ғана аңғарып жатқандаймыз.
Сондай діни астары бар шумақтарының бірінде даныш-
пан ақын былай дейді:
Жүрегі жұмсақ білген құл
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда, мақтан – бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұшымас.
Бір қарағанда, адамдар арасындағы достық жайлы
шумақ секілді көрінгенімен, жақсылап үңілсек, оның
мәні әлдеқайда тереңде жатқанына көзіміз жетеді.
Мұндағы әңгіме жүрегі жұмсақ білімді құлдың шын
дос таппай тыншымайтыны туралы. Басқаша айтқанда
құл мен Жаратушы арасындағы достық жайлы.
Абай айтқан адам мен Алла арасындағы достық де-
ген не? Аллаға достық – қол жетуі өте қиын, алайда
дүниедегі ең ыстық, ең қадірлі, қасиетті сезім. Қадірлі
болатыны, онда екі жақты шын ризашылық бар.
Алламен достық – ерекше еңбекті қажет ететін
шыңырау биіктегі ұлы қазына. Ал шын мәніндегі
достыққа жеткен, яғни Аллаға дос бола білген жанға
екі дүниеде де қайғы-қасірет, уайым жоқ. Қасиетті
Құран кәрімдегі: «
Қаперлеріңде болсын, шын мәнінде
Алланың достары үшін ешбір қорқыныш жоқ және
олар қайғырмайды, мұңаймайды
» деген аят осыған
дәлел («Юнус» сүресі, 62-аят).
Әрине, Жаратқанмен достасу оңай емес. Бұл достық
кәміл иманнан, көп құлшылықтан, терең ықыластан