25
Даналық ойдан дән ізде
ұлы кітапқа айналады да, олар сол кітаптың әр әрпін
оқығаннан ләззатқа батып, рахатқа бөленеді.
Өлеңнің соңғы екі тармағында дүниедегі пай-
да, мақтан үшін жасалған тірліктің бәрі бекершілік
екені, тек шын достың, яғни Алла тағаланың аты атал-
са ғана аузымыз тұшитыны айтылған. Әрине, бұл да
бүкіл мәні тереңінде жатқан сөз. Қасиетті Құранның
тәлімі бойынша да, жүрек тек Алланы еске алу арқылы
ғана тыныштық табады. Қасиетті Құранда:
«Сол бір
(ең қадірлі адамдар) иман келтірген, ал жүректері
әрдайым Алланы еске алып шаттыққа бөленеді.
Естеріңде болсын, жүректер тек Алланы еске
алғанда ғана толыққанды тыныштық табады»
де-
ген аят бар («Рағыд» сүресі, 28-аят). Байқасақ, онда
мәңгілік үшін жаратылған адам жүрегінің пәни де,
өткінші нәрселерден қанағат таппай, тек жаратқан Иені
еске алғанда ғана жайланатыны айтылып тұр.
Қасиетті Құранда: «
Алла иман келтіргендердің
досы (жәрдемшісі), оларды қараңғы түнектерден
жарық нұрға шығарады
» деген аят бар («Бақара»
сүресі, 257-аят). Кімде-кім ұлы Алла тағалаға шы-
найы дос бола білсе, Алла да оған достық танытады.
Дұға еткенге жауап беруші, сұрағанға нәсіп етуші,
сыйынғанды панасына алушы Алла тағалаға «
Уа, Раб-
бым, Сен жек көргенді ешкім асқақтата алмайды,
ал Сен дос болған адамды ешкім де төмендете ал-
майды
» деп қанша жалбарынсақ та артық емес. Алла
тағаламен байланысымыз неғұрлым тереңдеген сайын,
соғұрлым дәрежеміз жоғарылай бермек. Сірә, мұсылман
үшін бұдан артық табыс та, жеңіс те жоқ шығар?! Аят
мазмұнынан Аллаға дос болудың ең бірінші шарты
шынайы иман ету екендігін ұқтық. Бірақ иманның да