

28
Мүмин болсаң, әуелі иманды бол
Мұсылмандық жолдың бастауы – иман. Кісінің
салиқалы істері одан кейінгі кезекте. Алайда бүгіндері
мұсылмандықты намаз оқумен ғана шектейтіндер аз
емес. Бірақ Алланың бар әрі бір екендігіне толық илана
алмай тұрған адам намазды қайдан оқысын? Біреулердің
қыстағанымен оқыған күнде де көп кешікпей тастап
кетпесіне кім кепіл? «Бейнамаздан кей намаз жаман»
деген мәтел сонда көрінеді. Ал ақырет жайлы хабары
жоқ адамға жәннат, тозақ жайлы не айтасыз? «Тозаққа
түссек, түсеміз, қайтеміз енді» дегендерге не дейсіз?
Ақыретке деген мықты иман болмаса, жұмақ пен
тамұқ жайлы ақиқат баяғының ертегісіндей көрінеді.
Мәселен, кей ақындардың өлеңдерінде хор қыздары
ертегі кейіпкерлеріндей суреттелмеуші ме еді?
Кейде мұсылманмын деп жүрген адамның өзі ба-
сына түскен түрлі жағдайларды Алладан деп емес, өзі
секілді адамдардың ісі деп біледі. Сондай-ақ өлім бар
екенін біліп тұрып, ешқашан өлмейтіндей өмір сүреді.
Бұлардың бәрі, сайып келгенде, иман жайлы білімнің
таяздығынан. Сондықтан Аллаға иман келтіріп, толық
бойұсынбаған кісілерге мардымды ештеңе түсіндіре
алмасымыз хақ. Ендеше, мұсылмандықтың бүкіл ісін
иманнан бастауымыз керек. Абай атамыздың қара
сөздерінің бірінде: «Ақылды адамға иман парыз, иман-
ды адамға құлшылық парыз» деуінде де терең мазмұн
жатыр. Айналамыздағы жаратылыс деген алып кітапты