Previous Page  29 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 192 Next Page
Page Background

29

Даналық ойдан дән ізде

ақыл көзімен оқып, Алланың шексіз шеберлігін ұғына

білген адам иманға келеді.

Қыстыгүні қар астында қалып, өлім құшағына ен-

ген тіршілік иелерінің көктем шыға денелеріне жан

бітіп, қайта тірілуі өлгеннен кейін өмір бар екендігінің

қисынды дәлелі. Сондай-ақ ешбір нұқсансыз, нәзік

дәлдікпен жаратылған ғаламдағы үйлесімділікті көре

білу де Алланың бар екендігін мойындатады. Осыларды

ақылмен зерделей білген жан иманның дәмін сезеді.

Бізді қоршаған алып ғаламның Жаратушысы бар екенін,

адам баласын тектен текке жаратпағанын, айналадағы

барша жаратылыс өз тілінде Алланың бар екендігін паш

етіп тұрғанын түсіну өте маңызды. Осылардың бәрін

ескерген хакім Абай: «Мүмин болсаң, әуелі иманды

бол, Пендеге иман өзі ашады жол» деп жырлайды.

Ал жүрегіне иман нұры орнықпаған кісіге садақа мен

зекеттің мәнін түсіндіріп жатпайсыз. Ұлы ақын осы

жайлы да тағы бір өлеңінде:

Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай,

Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған, – дейді.

Негізінде, ақырет жайлы айқын иманы бар адамАлла

жолындағы жақсылықтарын ешкімнің нұсқауынсыз-ақ

атқара бермек. Қасиетті Құран кәрімнің көптеген аят-

тарында «

иман келтіріп, ізгі амал жасағандар

» деп

ретімен айтылса, хадис шәріптердің бірінде Исламның

бес негізден құралатынын, олардың көш басында Аллаға

және пайғамбарымызға иман ету тұратыны айтылған.

Байқап қарасақ, аятта да, хадисте де алдымен иман,

содан соң өзге жақсы істер аталған. Ислам тарихын

ақтарсақ, сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз үмбетіне

алдымен иманның негіздерін үйретіп, содан кейін өзге