Previous Page  35 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 192 Next Page
Page Background

35

Даналық ойдан дән ізде

Одан кейінгісі тәуекел ете білу. Тәуекел дегенде де,

көзсіз тәуекел емес, нәтижені Алладан күтіп тәуекел ет-

пек керек. Бастаманың жемісті болуының тағы бір жолы

опасыздықтан аулақ болу. Аллаға, пайғамбарымызға

немесе басқа да жандарға опасыздық жасайтындардың

ешбір бастамасы берекелі болмасы анық.

Бүгінгі қоғамда жасалып жатқан істерге қарағанда,

басынан қолға алынып атқарылуы тиіс істер әлдеқайда

көбірек әрі маңыздырақ секілді. Мәселен, жастар

тәрбиесін бүгіннен бастап, жүйелі, жоспарлы түрде, шын

ықылас, таза ниетпен қолға алмасақ, ертеңгі ұрпақтың

өмірінде көптеген қиындықтар орын алады. Бүгін

жастарға иман, ұят, мейірім, ар-намысты сіңдірмесек,

күні ертең азғын ұрпақ өсірген ел атанамыз.

Біздің қазақ сұрапыл сынның небір түрін көрген ел.

Бірақ өмір бойы арым жанымның садағасы деп келген.

«Ақтабан шұбырындыдай» қырғын заманның өзінде

«Ұғып ал мына сөзді миы барың, Жаратқан Алла болсын

сыйынарың» деп Аллаға деген тура жолдан айнымады.

Ендеше, бүгінгі естияр азаматтардың да «бисмиллә» деп

қолға алатын бастамасы ұрпақ тәрбиесі болғаны жөн.