Previous Page  40 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 40 / 192 Next Page
Page Background

40

Даналық ойдан дән ізде

күннен артық үзуі жөн емес»,

– деп бұйырған. Алай-

да бұған қарамастан, қазіргі кезде елімізде бір-бірін

жек көретіндер де, күндейтіндер де, жауығып жаула-

сатындар да аз кездеспейтіні өкінішті. Ал болмашы

нәрсе үшін туыстық қарым-қатынасын үш күн түгіл,

түбегейлі үзіп тастағандар қаншама. Ақиқатына келсек,

бұл жалғанда достықтан, туыстықтан артық байлық жоқ

түсінгенге. Ендеше, өткінші дүние үшін одан айырылу

ақылды адамдардың ісі емес.

Ақиқат дініміз тек бір атаның перзенттерін емес,

бүкіл мұсылман атаулының бір-біріне бауыр екендігін

насихаттайды. Қасиетті Құран кәрімде:

«Шын

мәнінде, мүміндер бір-біріне бауыр. Сондықтан

туыстарыңның арасын жарастырыңдар.

(«Хужу-

рат» сүресі, 10-аят) деген аят бар. Сондай-ақ Алла

елшісі (с.ғ.с.) «

Сендер өздерің үшін қалағандарыңды

бауырларың үшін қаламайынша толық иманды

болмайсыңдар

» деген хадисі арқылы мұсылмандар

арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ұлы ережені

білдірді. Расында да, бауырлық сезімнің бұзылуы

көп жағдайда тек қара басты ойлап, өзгелерді есепке

алмаудан туындайды. Өзінің жағдайы жақсы болса,

айтқаны жүріп тұрса, тамағы тоқ, киімі көк болса деп

тілеп, ал қасындағы бауырына өлмесе өмірем қалсын

деп неқұрайлы қараса, адамдар арасындағы бауырлық

байланыс әлсірейді. Бірте-бірте тіпті үзіледі. Мұндай

жағдайда әркімнің бірге туғаны да рөл ойнамай қалуы

ықтимал. Ал өзімізге бар қалағанымызды өзге үшін

де болсын деп тілесек, онда бауырмашылдық барын-

ша күшейетіні даусыз. Міне. бұл бауырмашылдықты

нығайтатын бірінші қағида болса керек. Осы ретте Ис-