Previous Page  41 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 192 Next Page
Page Background

41

Даналық ойдан дән ізде

лам тарихынан, саңлақ сахабалар өмір сүрген алтын

дәуірден бауырмашылдықтың бір үлгісін келтірейік.

Бір күні бірнеше күн нәр татпай, аштықтан әл-

дәрмені құрыған бір кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі,

мынадай қиын жағдайға тап болдым» деді. Алла елшісі

(с.ғ.с.) әйелдерінен сұратып еді, олардан да тіске басар

ештеңе табыла қоймады. Сонда ардақтыПайғамбарымыз

(с.ғ.с.) сахабаларына: «Бүгін түнде бір кісіні қонақ етіп,

Алланың рахымына бөленгісі келген жан бар ма?» деді.

Мәдиналық ансарлардан бір жігіт орнынан тұрып: «Мен

күтейін» деді. Сөйтіп әлгі кісіні ертіп үйіне келді. Келе

сала әйеліне: «Бұл кісі Пайғамбарымыздың қонағы,

ештеңеңді аяп қалма» деп сыбырлады. Сонда жұбайы:

«Алла куә, кішкентай қызымызды алдауқырататын аз

ғана азықтан басқа ештеңе жоқ» деп үйдің жайын айтты.

«Онда былай жаса, – деді үй иесі, – Қызымыз қарны

ашып жыласа, оны ебін тауып ұйықтат. Ал барыңды

қонақтың алдына әкелгенде, шамды сөндіріп қой. Өзіміз

тамақ жеп отырған секілді қимыл жасап отырайық».

Бәрі дәл осылай жүзеге асты. Ертесіне әлгі жігітті көрген

Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деді: «Алла тағала пәлен әйел

мен түген еркектің түндегі істеріне разы болды. Сөйтіп

мына аятты түсірді деді: «

Өздері мұқтаждық тартса

да, оларды өздерінен артық көреді

» («Хашыр» сүресі,

9-аят).

Міне, бұл оқиғаға қарасақ, қонақ та, күтуші де бір

ата-анадан тумаған. Алайда олар Аллаға шын берілген

мұсылмандар еді. Осы жерден бауырмашылдықты

күшейтетін екінші қағидат шығып отыр. Мұсылман

адам өзі қиналып отырса да, бауырының жағдайын

өзінен артық көреді.