47
Даналық ойдан дән ізде
садақаға мұқтаж адам қалмаған Исламдағы ең бақытты
кезеңнің бірі болғанын бүгінде тарихшылар жарыса жа-
зып жатыр.
Сондай-ақ бүгінгі адамзат баласының, соның ішінде
мұсылман үмбетінің қиын ахуалы, иман, ар-намыс,
көркем мінез секілді рухани құндылықтардың бірте-
бірте ұмытылып бара жатқандығы, табиғат байлығының
күн санап күйреп жатқандығы есі бар кісіні уайымға сал-
май қоймайды. Кешегі Асан бабамыздың азан шақырып
қойған атына «қайғы» деген сөздің қосылуы тегін емес.
Қазақтың елдігін ойлап, Алаш баласына шұрайлы мекен
іздеген жыраудың санасына дамыл бермеген – ұрпақ
жайы еді.
Ал ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бүкіл өмірі
уайым-қайғымен өтті. Өз қыздарын тірідей көміп, тыр-
дай жалаңаш күйде Қағбаны тәу етіп, меңіреу пұттарға
ессіз табынып жүргендерге қарап қайғыдан қан жұтты.
«Қайтсем адамдарға тура жолды көрсетем, Құран
ақиқатына қалай қауыштырам» деп көз жасын құрғатпай
ғұмыр кешті. «Адамзатты осы күйден құтқара гөр!» деп
Жаратқанға жалынумен өмір сүрді. Оның өз үмбетіне де-
ген мейірімі мол еді. Қасиетті Құранда пайғамбарымыз
жайлы мынадай аят түсті: «
Шындығында, сендерге
өз араларыңнан бір пайғамбар келді. Сендердің
қиналуларың оның жанына қатты батады. Ол сен-
дерге ынтық, ерекше мейірімді
» («Тәубе» сүресі, 128-
аят).
Уайым – ұлы Жаратушы иеміздің алдында
әлсіздігімізді, дәрменсіздігімізді мойындаудың да
белгісі. Адам баласы ақыретіне алаңдап, елі мен діні үшін
қам жегенде ғана Алланың шексіз рақымына қол жеткізе
алады. Және де қамкөңіл жанның бұл дүние қызығына