Previous Page  51 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 51 / 192 Next Page
Page Background

51

Даналық ойдан дән ізде

ды, алабұртқан көңілін жай таптырады. Арғы дүниеге

аттану деген адасу немесе шіріп жоқ болып кету емес,

иманына қарай мәңгілік бақыт тұрағы боларына сену

жақынынан айырылған жанға мол қуат береді. Имам-

молдалардың немесе діни сауатты адамдардың қаралы

үйде көбірек уағыз-насихат айтуының бір пайдасы

осында.

Сондай-ақ ақыретке иман адамды бейғамдықтан,

ғапылдықтан құтқарып, ұқыптылыққа, жинақылыққа,

сергектікке тәрбиелейді. Мысалы, хазірет Омар (р.а.) бір

күні мешітке бара жатқан еді. Жолай өзінен басып озып,

мешітке жүгіріп бара жатқан бір баланы көреді.

Жүрісін жылдамдатып, балаға жақындап келіп:

– Балақай, саған намаз әлі парыз емес қой. Неге

мешітке сонша асығып барасың? – деп сұрайды. Сонда

әлгі бала:

– Уа, мұсылмандардың әміршісі, кеше біздің көшеде

өзім қатарлы бір бала қайтыс болды, – деп қысқа ғана

жауап қайырды да жүре берді. Көрдіңіз бе, ақырет уай-

ымы жас баланы осылай селт еткізсе, балиғат жасына

толғандар тіпті көбірек алаңдағаны дұрыс емес пе?

Бұған қоса, Ақырет күнінде бұл дүниеде түрлі

жолдармен жасырылып, жабулы қазан күйінде кет-

кен құпия қылмыс-күнәлардың сыры ашылады. Міне,

осыны жақсы ұғынған адам немесе қоғам екі дүниелік

мақсатқа жету үшін бойын күнәдан таза ұстауға тыры-

сып бағады.

Өлім аузында жатқан науқас адам үшін де қараңғы

қабір туралы қорқынышты ойдан құтылудың бірден-бір

жолы – ақырет күнінде Алланың шексіз мейірімі мен

кешіріміне қауышуға деген сенім.