Previous Page  56 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 56 / 192 Next Page
Page Background

56

Даналық ойдан дән ізде

Ғайбаттың себебімен қазақ халқының талай бетке

тұтар ардақты тұлғалары азапты өлімге душар болды.

Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдерінің бірінде:

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

Маған ауыр осылардың бәрінен,

Өз аулымның иттері үріп қапқаны» – деп ғайбаттың

жанына қатты бататынын білдірген. Егер ұрпағымыз

таза, иманды, тыныш қоғамда өмір сүрсін деп тілесек,

онда бүгінгі таңда өзімізді-өзіміз жамандап, бір-бірімізді

жарға жығу мінезінен аулақ болуымыз керек. Оның ор-

нына тапсақ жақсы сөз айтып, таппасақ үндемеу деген

мінезді бойымызға сіңірген абзал. Әрбір мүмин

«Кімде-

кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірсе, жақсы

сөз айтсын не үндемесін»

деген пайғамбар өсиетін жа-

дында ұстағаны жөн.

Тілімізбен басқа дене мүшелерімізбен пайда-

сыз нәрселерге емес, жақсылыққа, діннің қызметіне

жүгіргеніміз жөн. Өйткені бос сөз жүректі қатайтып,

адамды Алладан алыстатады.

«Алланы зікір етпей бос

нәрсе айтып сөзді көбейтпендер. Арасында Алланың

аты еске алынбаған әңгіме жүректі қарайтады. Ал-

ладан ең алыс жүргендер – тас жүректер»,

– дейді

сүйікті пайғамбарымыз.