Previous Page  55 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 192 Next Page
Page Background

55

Даналық ойдан дән ізде

алдына келгендерге ауыздарын ашуға рұқсат беріп от-

ырды. Осы кезде бір кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі,

екі қызым ораза ұстап еді, ауыз ашуға рұқсат етсеңіз.

Алдыңызға келуге ұялды» дегенде пайғамбарымыз

рұқсат бермей қояды. Әлгі кісі екінші рет келіп: «Ра-

сулалла, олар аштықтан бұратылып, әлсіреуде» дейді.

Пайғамбарымыз қыздарды шақыртқанда,олар: «Қан

аралас ірің құсты. Сонда пайғамбарымыз: «

Бұлар ха-

лал жолмен ораза ұстады. Бірақ әркімді өсектеп, етін

жеу арқылы харам жеді

» деп астарын түсіндіріп берді.

Міне, ғайбаттың адам етін жеумен бірдей жиіркенішті

іс екенін осы оқиға анық дәлелдейді.

Тағы бірде Алла елшісі: «Ешкім сахабаларым жайлы

жағымсыз сөз айтпасын. Өйткені мен алдарыңа ешкімді

іштей жек көрмей шыққым келеді», – деді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):

«Ғайбат –сауаптарды

жоюда лап етіп бір-ақ жалмайтын сумаңдаған өрттен

де жылдам»

деген хадисі де бар. Бұл өмірде жасаған

азды-көпті жақсылықтарымыз, сауапты істерміз бар

шығар деп үміттеніп жүргенде, бәрін ғайбат арқылы

тып-типыл жойып алған болуымыз да мүмкін.

Айша анамыз (р.а.) бір күні сөз арасында: Сафия

анамыздың бойының қысқалығын меңзегенде ардақты

пайғамбарымыз: «

Әй, Айша, сен айтқан мына сөзді

теңізге тастап жіберсе, бүкіл теңізді бүлдіріп жіберер

еді

» деп кейіс білдіргені бар.

Сыртынан сөз қылған адамыңыз сіздің ол жайлы

айтқандарыңыздан бейхабар болса да, бәрін есітіп,

бақылап тұрған Алла тағаланың бар екенін есімізден

шығармағанымыз абзал. Әркімнің қос иығында әрбір іс-

әрекеті мен сөзін жазып отырған екі періште де бар.