Previous Page  61 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 192 Next Page
Page Background

61

Даналық ойдан дән ізде

бақылағыштық қасиетті қажет етеді. Мұсылман адам

осы бір қасиетін де дамытқаны жөн. Дүниедегі әрбір

заттың, құбылыстың, оқиғаның немесе істің астарында

Алланың хикметі, даналығы, сыры жатады. Бұл жағынан

алғанда, дүниені сырлар мен хикметтер әлемі деп атасақ

та болатындай. Ақиқат пен шындықты көздеген адам

сол сырлардың астарына үңілгені дұрыс. Ойлаудың,

ақылға салудың, пікір етудің бір пайдасы осында.

Басын ашып айтар нәрсе, ойшылдық деген құр

қиялға беріліп, арманға бой алдыру дегенді білдірмейді.

Ендеше, арзымасқа ақыл тауысудың қажеті шамалы.

Ойшылдық терең ізденісті, жан-жүйемен толғауды

талап етеді. Ойды дамытуға сүйенер тірегі, арқау

етер мәліметтері болғаны дұрыс. Бүгінгі ғылым мен

техниканың қол жеткізген жетістіктері жөнінде жал-

пылама болса да білімі бар адам соларды әрі қарай

тереңдете алады. Мысалы, «Оқи білгенге жапырақ та

ұстаз» демекші, шіліңгір шілденің ыстығында күймей,

үздіксіз фотосинтез үрдісі арқылы ауаны оттегімен

байытқан жапырақ жайында толыққанды мәлімет жи-

нап, Алланың шексіз іліміне қанығып, шеберлігіне тәнті

болуға сананы итермелеуге жол ашық.

Құранды менсінбеген адамның өмір бойы ізденіп

жеткен түйініне қарапайым иманды жан бір сағаттық

ойлаумен жетуі де ғажап емес. Себебі, бүкіл ақиқаттың

кілті Құранда жатыр.