64
Даналық ойдан дән ізде
Сөйткен аяулы ананың бойынан қуаты кеміп, қайраты
қайтып, самайын ақ шалғанда, баласына мұқтаж бо-
лып, көздері жәудірегенде, баласының оған «сен» деп
тұрпайылық жасауы, «түһ!» деп кейіс білдіруі, тілін
алмай, сөзін бөлуі, ең сорақысы жанарын мөлдіретіп
қарттар үйіне өткізуі қандай айуандық екенін бір сәт
ойлап көрелікші.
Ендеше, елжіреген анамыздың жұмсақ жүрегіне
қаяу түсірмей, алақанымызға салып бағып-қағу –
мұсылмандық һәм адамдық борышымыз. Бір күні ата-
ананың басқан ізін сүюге зар болатын күндер келеді.
Сол күні бармағымызды шайнап, пұшайман күй кешу-
ден Алла баршамызды сақтасын.