Previous Page  69 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 192 Next Page
Page Background

69

Не ексең, соны орасың

Халқымыздың жазушысы, маңдай алды этнографы,

ұлттық тарихымыздың білгірі Мұхтар Әуезов кейінгі

ұрпаққа қалдырған батпан-батпан салмақты, аталы

сөздерінің бірінде «Еккенің тікен болса – орғаның ба-

лауса болмас» деп қайырады. Қазақтың «не ексең соны

орасың» деген мақалымен үндесіп туған терең ойдың

туындысы секілді. Бұл нақылдың астарында терең сыр

мен кең мазмұн бүгулі.

Түп-төркініне келер болсақ, бүкіл қоғам өміріне,

жастар тәрбиесіне, кемел ұрпақтың келешегіне, екі

дүниенің теп-теңдігін ұстай білуге тура қатысы бар.

Бүгінгі шежіре мен мәдениет кешегі тарихтың қалың

қатпарының, бүгінгі қоғам кешегі қоғамның ізгі

бастамаларының, бүгінгі азат күн кешегі есіл еңбектің

тері мен төгілген қанның жемісі. Бүгін жастарымызды

дұрыстап тәрбиелей алсақ, ертең жарқын келешекте

өмір сүретін боламыз. Бүгін тікен егіп, ертең одан ба-

лауса орам деген ниет сау ақылға да, қисынға да қайшы.

Әркім өз егінінің нәтижесін алады. Бұл жер бетіндегі

бұлжымас заңдылық. Себеп пен салдардан тұратын

мына ғаламдағы әрбір нәрсе кешегі алғышарттың

негізінде пайда болған.

Халқымыздың «Ертең Алланың алдына барғанда

қалай жауап бересің?» деп ақырет жайлы ертең деп

сөйлеуінің мәні бар. Себебі Исламда қиямет қайым

орнағаннан кейінгі өмірді «ертеңгі күн» дейді. Бұл

мағынадағы ертеңгі күн шынында да дәл ертең бола ма,

әлде сансыз жылдардан кейін жүзеге аса ма – ол жағы