74
Даналық ойдан дән ізде
Яғни, мұсылман «Алланың сүйікті елшісі» деп
пайғамбарымыздыжақсыкөрсе, «Алланың бұйрығы» деп
ата-анасын құрметтесе, «Ием Алланың жаратқандары»
деп өзге жаратылыстарды сүйсе, онда ақыретте сол
сүйгендерімен бірге болады. Жалған өмірде жалған
нәрсені жақсы көрген ақиқат нұрдан жүрегі мақұрым
қалғандар ажырап қалудың ащы дәмін өте қиналыспен
сезінеді. Ендеше, қайтыс болуды бір шұңқырға барып
көмілу, шіріп жоқ болу деп тар түсінікпен қабылдау
қандай әбес. Өлімді жаңа өмірдің бастамасы, ақыретке
есік деп түсінген жөн. Қасиетті Құран кәрімде бұл
ақиқат: «
Сендерді топырақтан жараттық, сол
топыраққа қайтарамыз. Содан соң қайта бір рет сол
топырақтан тірілтіп шығарамыз
» («Таһа» сүресі, 55-
аят) деп анық көрсетілген.
Өлімді ойлау – арғы дүниені қап-қараңғы түнек әрі
қорқынышты етіп көрсететін шайтанның азғыруы бол-
са, екінші жағынан хикмет іздегендер үшін күнәлардан
арылуға көмектесетін әсерлі құрал. Мәселен, «ақыр
мәңгі өмір сүрмейді екенбіз, әрбір ісіміз ол жақта есепке
тартылады екен, онда болмашы нәрсеге бола күнәға
батып қайтейін?» деген секілді жиі туындаған ойлар
адамды жақсылық жасауға үндейді.
Адам – мәңгіліктің сапарына шыққан жолаушы. Ана
құрсағынан фәни өмірге, фәни өмірден бақи дүниеге
қарай көш түзеп бет алуда. Бұл ұзақ сапар сәбиліктен
жастық шаққа, жастықтан кәрілікке, кәріліктен қабір
әлеміне, қабірден махшарға өтіп, махшардан мәңгілік
тұраққа дейін жалғасады. Біз мінген аттың сүрлеуі сол
тұраққа барып бір-ақ тоқтайды.
Егер шынымен бұл өмір жалған болса, онда адамға
осыншалықты мол нығмет, қисапсыз қазына, жастық