Previous Page  77 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 77 / 192 Next Page
Page Background

77

Бөлінгенді бөрі жейді

Бүкіл адам Адам ата мен Хауа анамыздан тараса да,

бір-бірімен бауыр бола тұрып, қып-қысқа ғұмырда бір-

бірімен қастасудың, жауығудың ешбір мәні жоқ қасірет

екенін Майлықожа ақын былайша толғайды:

Бір атадан болсаң да,

Бір анадан тусаң да,

Әр қайсың әрбір үйдесің.

Бірің кедей, бірің бай,

Әр қайсың әрбір күйдесің,

Бір-біріңе қас болып,

Үрпитесің несіне

Желкеңнің бес күн шүйдесін?!

Қазіргі қазақтағы сонау ескіден жеткен жаман

сарқыншақ – жүзге, руға бөліну. Қарадан ақсүйекті,

кіші жүзден ұлы жүзді артық қойып, ел тыныштығына

үздіксіз сызат түсіруші топтардың жиі бас көрсететіні

шынымен қынжылтады. Ислам дінін тас-түйін ұстаймыз

дейтін атам қазақ шариғаттан Алланың жаннатына ұлы

жүз бірінші, орта жүз екінші кіреді деген иләһи бұйрық

тауып па?! Бабаларымыздың «жүзге бөлінгеннің жүзі

күйсін» деп күйінішпен налығанына мән беру қажет.

Біз өмір сүріп отырған дүние − үлкен бір сынақ

алаңы. Адам әрбір сағат сайын Алланың сынынан өтеді.

Адамның құлшылығы да, мінез-құлқы да, іс-әрекеті де

шариғаттың тезіне салынып, сарапталады. Осылай-

ша тек мұсылмандар ғана емес, бүкіл адамзат баласы

електен өтіп, алтын жүректі жақсылар мен қара ниетті

жамандар бір-бірінен ажыратылады. Қасиетті Құран