83
Омар ибн Абдулазиздің өнегесі
Жиренше шешеннің «Жақсының аты, ғалымның
хаты өлмейді» дегеніндей, ғасырымызға даңқпен жеткен
ұлы тұлғалардың өмір жолымен таныс болудың маңызы
зор. Өйткені өнегелі өмірінен үлкен-кіші де, жас-кәрі
де үлгі алады. Осы орайда ғұмыры ғибратқа толы, асыл
дініміздің тарихында аты әйгілі тұлғалардың бірі Омар
ибн Абдулазиздың өмірінен айшықты көріністердің
бірқатарын ұсынуды жөн көрдік.
Омар ибн Абдулазиз – Омеядтар мемлекетінің
сегізінші билеушісі болған. 706 жылы қос бірдей Мек-
ке мен Мәдина қалаларының әкімі болып сайланды.
Жаңа қызметіне кірісерде Мәдина қаласына барып, сол
жердің әйгілі он ғалымын жинап алып: «Бауырларым,
мен бұл екі қасиетті қалаға әкім емес, қызметші болып
келдім. Басты міндетім − әділет жолынан айырылмау.
Аманаттап алған бұл ауыр жүк пен жауапкершілікті
қайтсем дұрыс атқарам, ақыл беріңдер», – деп сұрады.
Сонда ғұламалардың біреуі: «Екі дүниеде мұратыңа
жеткің келсе, елдегі бар қарияны өз әкеңдей көр,
бүкіл жастарды өз туған бауырыңдай, ал балаларды
өз беліңнен шыққан перзенттеріңдей көр. Сөйтсең
ғана бүкіл ел сенің өз үйіңдегі әке-шешең, бала-шағаң,
бауырларыңдай болып кетеді», – деді. Бұл сөздің оған
әсері мол болды. Сонда да қызметіне кіріскен соң екі ай
бойы иығындағы ауыр жауапкершіліктен басын көтере
алмай, уайым-қайғыдан арыла алмай жүрді.
Көңілін аулағысы келгендерге: «Шығыстан Батысқа
дейінгі барлық мұсылмандардың құқықтарына адал