84
Даналық ойдан дән ізде
болудың міндеті маған жүктелді. Бұдан ауыр не бар?»
деп мұңая жауап қатты.
Мешіттегі алғашқы құтбаларының бірінде бы-
лай деді: «Уа, жамағат, бізге жақын жүргісі келген
адамның мынадай бес қасиеті болсын: 1. Халықтың
мұң-мұқтажын бізге жеткізіп тұру; 2. Жақсылық жасау-
да бізге көмек беру, 3. Тек жақсылыққа нұсқау; 4. Ешкім
туралы өсек-аяң айтпау; 5. Пайдасыз, бос нәрселермен
айналыспау. Бұндай қасиеттерден жұрдай адам біздің
қасымызға жақындамай-ақ қойсын!»
Мәдинадағы ұлы Әбдімәлікке былай деп хат жаз-
ды: «Шырағым, Әбдімәлік. Мен ертең ақыретте саған
да жауап берем. Сондықтан өзіңе айтарым бар: бүкіл
мадақ Аллаға тән, бізге берген жақсылығы мен сыйы
өте мол. Соның шүкірін өтеуге қуат беруін тілейік. Әкең
мен өзіңе берілген Алланың жақсылығы қаншама. Соны
ұмытпай, өзіңе, жастық шағыңа және денсаулығыңа
мұқият бол. Алланы еш уақытта есіңнен шығарма!»
Ел басқарудың ауыр жауапкершілігін терең сезінген
Омар ибн Абдулазиз бір күні ұлының мың дирхам
тұратын жүзік сатып алғанын естиді. Дереу ұлына мы-
надай сәлем жолдайды: «жүзігін тез сатсын және мың
кедейдің басын қосып тамақ берсін. Ал саусағына екі
дирхамдық жүзік тағып, оған «Алла өз жөнін білгенге
мейірім етсін!» деген жазу жаздырсын».
Содан соң өзінің жақын досы Сәлімге де хат жаз-
ды. Онда былай делінген: «Бауырым, Сәлім! Алла
тағала мені әкім етіп сынауда. Ант етейін, қатты
қорқып жүрмін. Маған атам Омардың жазғандарын, ел
басқарудағы өнегесін мұсылмандармен және мұсылман
еместермен жүргізген мәмілелері жайлы білгеніңізді