Previous Page  81 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 81 / 192 Next Page
Page Background

81

Даналық ойдан дән ізде

құлқын толтырарлық пайдалары. Кезінде Шортанбай

атамыздың:

Үлкендер, саған айтайын:

Мал басына бармаңдар,

Ақырет қамын қармаңдар,

Дүниенің боғы үшін,

Сірә, тіпті азбаңдар! − дегені де көпті көріп, көңілге

түйгеннен шыққан сөз болса керек. Тіпті дүниеден озар

шағында:

Ә, дариға, жалған-ай

Жалғанның енді қалғаны-ай,

Шортанбайды алғаны-ай,

Қайғыны басқа салғаны-ай,

Не шара бар, құдайдың

Әзелде жазған пәрмені-ай!

− деп өкінішпен сөз

қатқаны да мәлім.

Бұдан дүниені толықтай тәрк етіп, безіп кетуге

шақыру деген жаңсақ түсінік тумаса керек. Себебі

Алланың құлдарына көркем етіп нәсіп еткен нығметтері

мен несібелерін ешкім текке жаратылған дей алмай-

ды.

Ислам – діні дүние-мүлікке сүйіспеншілікті орта

деңгейде ұстауға, оған соқыр сезіммен байланып

қалмауға шақыратын дін. Уақытша мансапқа, өтпелі

мал-дүниеге деген құмарлық ақиқат дінімізден, Аллаға,

ақыретке деген иманнан ажыратып қоймауға тиіс.

Жалпы алғанда, Абай хакім сынап отырған мінез

уақытша дүниелерге деген ессіз құмарлықтан туын-

дайды. Егер адам өзін жиі-жиі тізгіндеп отырмаса,

бұл аталғандарға деген құмарлықта шек жоқ. Дүниені

түгімен жұтушы көз сүйегінің орнын тек топырақ қана

толтыра алады.