Previous Page  79 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 192 Next Page
Page Background

79

Даналық ойдан дән ізде

күпірлік пен иманның қылдай шекарасында жүргенін

байыптап, жүгенсіз тіліне өте-мөте абай болғаны

дұрыс.

Ақиқатына қарасақ, адам адамнан руына қарай

артық емес, керісінше иман мен тақуалық жағынан

ғана артық тұра алады. Кім Аллаға көбірек құлшылық

жасаса, Алла тағала мен пайғамбарымыздың өнегесін

көбірек таныса, кімнің жұртқа жасаған жақсылығы мол

болса, жұрттан шын озған адам сол.

Алла тағала барша мұсылмандарды иман, ислам,

Құран, сүннет секілді құндылықтар арқылы бір тудың

астына біріктірген. Ендеше, мұсылман адамға өзінің

руын айтып жұрттан озам деу әсте жараспайды. Руға

бөлінгеннен тек қана бүлік шығатынын көзіміз көруде.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «

Шындығында,

Алла тағала маған бір адам екінші біреуге өз руы-

мен мақтанып, арсыздыққа бармауы үшін сендерге

қарапайым болуды бұйырды

» дейді.

Қорытар болсақ, екі дүниенің бақытына кенелуді,

Алланың ауыр азабынан құтылуды көздеген адам үшін

рушылдық пен жүзшілдіктің зияны шаш – етектен.

Өзінің шыққан тегін білу басқа, оны өзгенің көзіне

шұқып мақтану басқа.