76
Даналық ойдан дән ізде
өмірді өтпейді деп қалмаңдар, ертерек қамдарыңды
жасаңдар» деп ұран тастап тұрғандай.
Мәңгі өмірге қамдану жайы да өз алдына қызық
таңырып. Әрбір ұлтжанды ел азаматы жақсылықта бір-
бірімен жарысып, мектеп салдырып, медресе ашып, көпір
тұрғызып, ағаш егіп, жастарға қамқор болып, қисайғанды
тұрғызып, бұзылғанды түзетіп, жыртылғанды бүтіндеп,
елдің жүгін жұмыла көтеретін ізгі ниетте болса, бұл
өмірде де, арғы өмірде де жеміс беретін мәуелі ағаш
өсіргенмен парапар. Соңғы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
көзі тірі шағында мұсылман әлемі осындай еді. Сахаба-
лар бір-бірлерінің көз-құлағы, қол-аяғындай сезінетін.
Бірінің табанына тікен кірсе, екіншісінің жаны сыздай-
тын. Бірінің қуанышына екіншісі шаттанатын. Өзінде
болмаса болмасын, өзгелердің тамағы тоқ, киімі бүтін
болса екен деп тілейтін. Ата-ана перзентіне, перзенті
әке-шешесіне ерекше мейіріммен қарайтын. Ешкім ту-
ралы жамандық ойламай, жұмаққа менен бұрын өзгелер
жетсе екен деп армандайтын. Өйткені олар бір күнін
емес, мәңгілік дүниедегі бақытты ғұмырды тілейтін.
Өз ұжданыңызға мұқият құлақ салып көріңізші, сіздің
жүрегіңіз қай өмірдің ағысына бейімделіп соғуда?