Previous Page  71 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 192 Next Page
Page Background

71

Даналық ойдан дән ізде

соның өзі ақыреттегі мәуелі ағаштың осы дүниедегі

егілген дәнегі іспеттес. Аяттың соңында айтқандай,

тек қарынды дүниенің ләззатымен толтыруды қаласақ,

расында нәпсіміз тойынғанмен, о дүниеде несібе

бұйырмайды.

Бақшасына ағаш еккісі келген адам жемісті мол

беретін мәуелісін таңдайды. Сол секілді ертеңгі күніміз

үшін қандай егін егу керек деген сұрақ туындаса, ең

алдымен жас ұрпақтың тәрбиесін атар едік. Себебі ке-

лешекте үлкенге сая болар бүгінгінің көшеттері – сол

жастар. Жастар рухани қуатты, терең иманды болса,

ақылдылық, біліктілік, мәдениеттілік, парасаттылық

қасиеттерін бойға жинаса, онда баянды болашақтан

күтеріміз көп. Ал жастар рухы семіп, қуаты қайтып, ас

ішіп аяқ босатудан, ұрпақ көбейту секілді құлқынның

қамынан басқа ештеңе ойламаса, елдің тамырына балта

шабылды дей беріңіз.

Алла тағала қасиетті Құран Кәрімде: «

Уа, иман

келтіргендер, Алладан қорқыңдар. Әрбір өзекті жан

ертеңгі күніне не даярлағанына мән берсін. Алла-

дан қорқыңдар!

» делінген («Хашыр» сүресі, 18-19-

аяттар).

Аятта «әр жан ертеңіне не даярлағанына мән

берсін» деген нұсқаудың алдынан да, соңынан да

«Алладан қорқыңдар» деген анық бұйрық келген. Бұл

бұйрықтың бір аятта екі мәрте қайталануының астарын-

да екі мағына бар. Біріншісі, ертеңгі күннің жоспарла-

рын жасағанда, Алланың көрсетіп берген шеңберінен

шығып кетпеңдер десе, екіншісі мүминдер Алланың

бұйрықтарын қаншалықты тыңғылықты орындап, тый-

ымдарынан аулақ жүргенін бір тексеруден өткізіп алсын

дегенді білдіреді.