70
Даналық ойдан дән ізде
бір Аллаға аян. Маңыздысы сол – мұсылман ақыреті
үшін бүгіннен бастап пайдалы егінін егіп, сол ұлы күнде
жемісін оруға әрекет етуі керек.
Кейбір тұқым бұл дүниеде егіліп, осы дүниеде
жемісін береді. Ал кейбірі бұл дүниеде егіліп, арғы
дүниеде жемісін береді. Сондай-ақ бұл дүниеде де,
ақыретте де жемісін беретіндері болады. Мысалы,
бақшамызға алма ағашын отырғызсақ, бірнеше жыл-
дан соң оның жемісін жейміз. Ал қиналған адамға қол
ұшын берсек, мұндай рухани дәннің жемісін ақыретте
көрмекпіз. Ал әлгіндей алма ағашын өз үйімізге емес,
жетімдер үйіне немесе қарттар үйіне ексек, онда оның
жемісін бұл дүниеде жетім балалар, арғы дүниеде
біз өзіміз көреміз. Міне, бұл тұрғыдан алғанда, әрбір
жасалған жақсылық ақырет үшін егілген дән болып са-
налады. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Бұл дүние –
ақыреттің егінжайы» деген хадисінде осыны меңзесе ке-
рек. Фәни дүниеде мейірімді болған пенде Раббысының
алдында мейірім көреді. Соған сай, сараңдық танытқан
да ол жақта жаман мінезінің, пейілінің тарлығының
кесірін көреді. Осы ақиқаттың мәні қасиетті Құран
кәрімде: «
Кім ақырет табысын көздесе, табысын
арттыра түсеміз. Ал кім дүние табысын қаласа,
қалағанын береміз. Бірақ оған ақыретте несібе жоқ
»
(«Шура» сүресі, 20-аят) деп баяндалады. Кім біледі,
ата-әжелеріміздің «Уа, Құдай, пейілімді алма!» күн
құрғатпай жалынып отыруының бір мәні де осында
шығар.
Ендеше, әр амалымызды ақыреттік есеппен
атқарудың пайдасы зор. Тіпті ас ішерде Аллаһтың
нәсіп еткен рызығынан алған қуатпен Оның разылығы
үшін еңбек етіп, құлшылық қылсам деп ниет етсе,