Previous Page  73 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 192 Next Page
Page Background

73

Өмір деген өтпелі

Ақиық ақын Мұқағали «Не келіп, не кетпеген бұл

ғаламнан» деген өлеңінде

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды мына өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға! – деп толғаған. Ра-

сында да, мына жалған өмірдің өзі өтпелі болған соң,

өмірдегі барлық жаратылыс та бір күні аяқталатын пәни

екендігі сөзсіз. Абай атамыз «Жас қартаймақ, жоқ тумақ,

туған өлмек» деп осы шындықты бір ауыз сөзбен түйіп

берген. Қоғамда өмірді өтпейтіндей көретін адамдардың

кезігетіні айқын. Әрине, әркімнің бұл өмірде мәңгі

қалуды қалайтыны бір қарағанда табиғи болып та

көрінуі ықтимал. Себебі адамда жақсы көру, көңіл бай-

лану, сүйген нәрседен ажырағысы келмеу деген секілді

сезімдер бар. Бұл сезімдерден оны ажырату мүмкін емес.

Алайда бір нәрсені жақсы көру қаншалықты тәтті болса,

уақыт-сәті келгенде одан ажырау сезімі одан да ащы.

Мұны ең қымбатын жоғалтқан жандар жақсы түсінеді.

Мұсылман үшін бұдан құтылудың бір ғана шарасы бар.

Ол әуелден бар, еш уақытта жоқ болмайтын, мәңгі тірі

Алла тағаланы жақсы көру. Бұл дүниеде Абайдың «мен

сүйгенді сүйді деп иең сүйсін» дегеніндей Алланың

разылығы бар нәрселерді жақсы көрумен тіршіліктің бір

мәнділігін сезіне аламыз. Сүйіктілерімізден бұл дүниеде

ажырағанмен, арғы өмірде қайта қауышамыз.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «

Әркім сүйгенімен

бірге

» деген уәделі хадисі көңілге қуаныш ұялатады.