72
Даналық ойдан дән ізде
Рас, аятта айтылғандай көкірегі ояу жандар жиі-жиі
ақыретіне қандай тұқым еккені жайында ойлануы тиіс.
Қазақтың діліне сәйкес, баласын экономист, заңгер,
қаржыгер қылудан бұрын, діннің негіздерімен сусын-
датып алғаны маңыздырақ. Дұрыс қаланған іргетас
қандай жойқын апатқа да шыдас береді. Оң-солын енді
танып жатқан балаға алғашқы ілім-тәрбие беруші ата-
ана оның қос дүниесінің күйреуіне жол бермеуі қажет.
Абай айтқан:
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы.
Ойында жоқ олардың,
Шариғатқа шаласы, – деген өлеңі арқылы дүниеауи
білімді рухани дін негіздерінен артық қойған отағасы
мен отанасына сын тағады. Бүгін руханияттан, діннен
жұрдай баланы ертең ақшалы болсын деп тілеу – тікен
егіп балауса күткенмен бірдей дәрежедегі ақылсыздық.
Сондықтан баланың алдымен жанын, содан соң тәнін
бай ету керек.