75
Даналық ойдан дән ізде
шақ, мықты денсаулық, он екі мүше не үшін берілген
деген сауал туындауы мүмкін. Әрине, бұлар жалған
дүниені жалпағынан басу үшін емес, сынақ алаңында
жүріп мәңгілік өмірдің қажетті талаптарын әзірлеп қою
үшін берілген. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис
шәріптерінің бірінде: «
Бұл дүние – ақырет әлемінің
егістік алқабы
» деп осы ақиқатты білдірген. Демек,
бұл өмірде егілген жақсылық дәндері арғы шын дүниеде
жайқалып шығып, құлақ естімеген, көз көрмеген,
қиялымыз жетпейтін мол жеміс беретін болады. Аллаға
құлшылық жасау, ата-ананы қадірлеу, жетімдердің ба-
сынан сипау, ауру жанның көңілін сұрау, қонақ сый-
лау, тіпті жүргіншілерге кедергі келтірмесін деп жол-
да жатқан тасты алып тастаудың өзі арғы дүние үшін
егілген дәндер іспеттес.
«Оралыңның барында ойна да күл» дейтін кей
жандардың бұл тәтті өмірді өтпейтіндей көріп, араққа
мас болып, ұрлық жасап, жұрттың ақысын жеп, пара-
ны табыс көзі етіп, жеңіл жүріске салынып, жазықсыз
жандарды жылатып-сықтатып, өзінше арғы өмірге
қасірет дәнін егіп жететіндердің күйі, сөзсіз, аяныш-
ты. Мәңгілік өмір базарына әркім ізгі ісінің сауабын
арқалап келіп жатқанда, жұрттың ақысы мен көз жа-
сын, жетімнің малы мен ата-ананың қарғысын, басқа да
таудай-таудай күнәларды арқалап жеткендердің жайы
расында да ауыр. Өкініштісі сол, ол жақта олқылықтың
орнын толтыруға, қателікті түзетуге мүмкіндік жоқ. Әли
(р.а.) айтқандай «фәниде амал бар – есеп жоқ, бақиде
есеп бар – амал жоқ». Сонымен үндес ойды Мұқағали
ақын «Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей
көретін адамдарға!» деген сөзі арқылы: «Уа, адамдар,