78
Даналық ойдан дән ізде
кәрімде осыны меңзейтін: «
Біз олардың бір бөлігін
екіншілері арқылы сынақтан өткіздік
» делінген аят
бар («Әнғам» сүресі, 53-аят).
Аятқа үңілсек, әркімнің бір-бірімен қарым-қатынас
жасауының өзі сынақтың бір түрі екенін аңғарамыз.
Егер бұл сынақ болмаса, жақсылық жасауда өзгеден көш
ілгері жүретін хазірет Әбу Бәкірлер мен мұсылмандарға
көрсетпеген қорлығы жоқ Әбу Жәһилдердің парқы
қалмас еді. Бүкіл өмірін періштедей таза өткізгендер
мен шайтандар секілді тұтастай күнәға батқандардың
да айырмашылығы болмас еді. Ендеше, адамның бұл
дүниеге жіберілуінің өзі емтихан болса, сол сынақтың
ең үлкені адамдардың өзара қарым-қатынасына байла-
нысты.
Рушылдық пен жікшілдікке қатысты ой қозғасақ,
кезінде діннен хабары жоқ надандар ардақты
пайғамбарымызды Құрайыш тайпасынан шықты деп
менсінбей, мұрын шүйіре қарағаны тарихтан мәлім.
Басқа атақты рулардың әйгілі азаматтары тұрғанда,
құрайыштан шыққан, әрі ата-анасыз өскен Мұхаммед
қалайша пайғамбар болмақ дейтіндер аз кездеспеді.
Әрине, мұның астарында тәкаппарлық пен руға
бөлінушілік жатқаны анық.
Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің
бірінде: «
Кімде-кім руының беделін күйттесе, бізден
емес, кімде-кім рушылдық негізінде кісі өлтірсе бізден
емес, кімде-кім руға бөлініп жүріп қайтыс болса, ол
да бізден емес
» деген. Бұл хадистегі «бізден емес» де-
ген сөз «Мұхаммедтің үмбеті емес», «мұсылмандардың
қатарына қосылмайды» дегенді білдіреді. Ал мұсылман
қатарына қосылмағандар кімдердің қатарында екені
мәлім. Ендеше, жатпай-тұрмай өз руын дәріптейтіндер