Previous Page  80 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 192 Next Page
Page Background

80

Әркім жүр алар жердің ебін қамдап

Абай атамыз

«Әркім жүр алар жердің ебін

қамдап»

,

«

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман

»

деп тойымсыздық, қомағайлық, қанағатсыздық секілді

жағымсыз қасиеттерге үйір қазақ халқының жадау

тұрмысын өлеңдетіп қамыққаны бар.

Біреудің несібесін тартып алу, қорқытып-үркіту,

ұрлап алу, алдап-арбауды кәсіп еткендердің барын-

ша жағымпаздық жасап, жалған күліп, біреуді өтірік

мақтап, жақсы көрініп, рияшылдықпен алар жердің

амалын қарастыруы да Абайдың сынынан аман қала

алмайды.

Қасиетті Құран кәрімде: «

Әйел, бала-шаға, алтын-

күміс, жүйрік аттармен төрт түлікмал, егін-дақылдар

секілді көңіл арбаушы нәрселерге деген ынтықтық

адамдарға көрікті етіп көрсетілді. Негізінде, бұлар

дүние тіршілігінің өткінші ермектері ғана. Ал нағыз

қызығатын, ынтығатын жер Алланың қасында

»

делінген («Әли-Имран» сүресі, 14-аят).

Бұл аятта Алла тағала адамдар көп ынтығатын алты

топты көрсетіп, олардың өлшемін дұрыс меңгермеген

адамның алармандыққа салынып кетуі әбден

ықтималдығын ескертіп, абай болуға үндейді.

Дүниенің алдамшы заттары адам жүрегіне тартым-

ды, көзіне әсем етіп көрсетілген. Бойымызда оларды

жақсы көру сезімі бар екендігі де рас. Демек, оларға

көңілдің бөлінуі табиғи, әрі заңды құбылыс. Дегенмен

қанша сұлу боп көрінсе де, бар болғаны осы дүниенің