86
Даналық ойдан дән ізде
Абылай хан Жоңғар шапқыншыларымен соғысып
жүргенде, он сегіз жасар Жәнібек жауды артынан қуа
жөнеледі. Келсе, қазақтар бытырап, аты барлыққан
Абылайға жаулар жақындап қалған екен. Жәнібек
атынан түсіп, астындағы көк дөненін ханға көлденең
тартады.
- Қарағым-ай, өзің қайтесің? - дейді Абылай.
- Сіз қолға түссеңіз, ел басшысыз қалар. Мен қолға
түссем қазақтың бір әйелі ұл табар, - дейді жігіт.
Абылай тың атты мініп, құтылып кетеді. Бір
қалмақтың атын аударып мініп, қоршаудан Жәнібек
те аман шығады.
- Бала, ат бергеніңнен сөз бергенің асты ғой,
осы жолғы олжаның басы сенікі, Кене, менен бір
қалағаныңды алшы? - депті хан Жәнібекті ұрыстан кейін
тауып алып. Міне, басшының қадірін білетін ерлері,
ердің қасиетін танитын басшылары осындай болған.
Алла баршамызға қарт тарихтан қазыналы тәлім
алуды жазсын!