91
Даналық ойдан дән ізде
қайысқан қолдың жиылуы да аталарымыздың көп бала-
лы болғандығынан. Кешегі Махамбет батырдың:
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде
Жер қайысқан қол едік, – дейтіні сондықтан болса
керек. Үлкен кісілердің әңгімесінде көбіне көп «Біз
көп балалы отбасында өстік» деп басталады. «Балалы
үй - базар», «Бесіксіз үйде береке болмайды» деген
мақалдарымыз да көп жағдайды аңғартса керек.
Қазақтың көп үйінде бүгінде шошайып-шошайып
бір-екі баладан аспай қалды. Мұның, әрине көптеген
себептері бар. «Басыңда баспана жоқ, қолыңда жұмысың
жоқ, қалай бала көбейтесің» дейтіндер аз емес. Ал,
шындығында, қарнымыздың тоқ, көйлегіміздің көк бо-
луы қолымыздағы перзенттеріміздің рызық-несібесінен
болуы да ғажап емес. Өйткені Алла тағала Құранда:
«Жоқшылықтан қорқып, балаларыңды өлтірмеңдер.
Оларға да, сендерге де рызық-несібені Біз береміз»
дейді. «Бір қозы туылса, бір түп жусан артық шығады»
дейтін қазақтың ұрпағымыз.
Жоқшылықтан қорқып, бала көбейтуден қашу
Алла тағала туралы білімсіздіктің, Оның шексіз
құдіретіне күмәнданудың көрінісі емей немене!
Сан миллион жылдар бойы жер бетіне келіп кет-
кен барша жаратылыстардың толық рызық-несібесін
беріп келе жатқан Алла тағалаға сіз бен біздің және
перзенттеріміздің бір кесе асы мен бір жапырақ киімі түк
емес. Анығында, Алла Тағала өз құлдарына кез келген
ата-анадан сан мың есе мейірімдірек, рақымдырақ.
Бір күні Ибн Масғұт ардақты елшіден үлкен күнәға
не жататынын сұрағанда: «Өзіңді жаратқан Алла
тағалаға серік қосуың» деп жауап береді. «Содан соң