Previous Page  94 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 94 / 192 Next Page
Page Background

94

Даналық ойдан дән ізде

әйелдің әйел ретіндегі қасиеттерінің жойылуы ұлттың

ұсақталып, рухани солғындауына ұрындырар апат.

Мұндай сансыраған ойлармен жүрген жанның

қоғамға тигізер зияны атан түйе көтере алмастай ауыр.

Нан зауытында жұмыс атқаратын адам басындағы

қайғысын ойлап тұрып нан жапса, пісірген нанына

бойындағы бүкіл жағымсыз биоқуаты сіңіп қалатынын,

ал оны жегендердің әжептеуір әлсіреп, ауруға бейім

болатынын ғылым дәлелдеді.

Жоғарыда атап өткен мәселелердің негізгі себебі

– біздің Ислам дінімізден, сенімімізден, дәстүр-

салтымыздан соншалықты алыстап кетуіміз. Оларды

жеке адамдық, отбасылық, қоғамдық, тіпті мемлекеттік

деңгейде шешкіміз келсе, мұсылмандығымыз бен

иманымызға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Еліміздегі

ажырасқан отбасыларды қайта табыстыру үшін мем-

лекеттен миллиардтаған қаражат бөлінсе де, Алланың

дініне тиісті көңіл бөлінбейінше, мәселе оң нәтиже

бермейді. Негізгі себеп шешілмей, жанама себептерді

шешу ауада тал қармау секілді пайдасыз іс. Материалдық

байлығын үдете берсек те, мәселеге ислами, рухани

тұрғыдан келмеген соң, одан зәредей де пайда тимесі

анық.

Әйел бір күннің ішінде қаншама рет құбылып, түрлі

рөлге кіруі керек. Егер ұстанып жүрген ақиқат діні мен

сенімі болмаса, ол жүкті дұрыс көтере де алмасы анық.

Мысалы, таңертең оянған әйел үй ішінің іші-сыртын

ретке келтіруге міндетті. Өйткені ол − әйел. Бала-

шағасының таңғы асын дайындап, мектепке шығарып

салады. Өйткені ол ана. Күйеуінің қажеттіліктерін

орындап, мүлкіне иелік етеді. Өйткені, ол − жар. Ата-

енесінің қас-қабағына қарауы керек. Өйткені ол − келін.