98
Даналық ойдан дән ізде
назардан тыс қалдыра алмаймыз. Өйткені көптеген
ұнамсыз, нашар қылықтар иманнан жұрдай, тақуалығы
жоқ, Алладан қорықпайтын пенделерден шығады.
Сондықтан әйелдің киімі мен тәнінің сұлулығынан гөрі
жанының сұлулығы мен тақуалығы мың есе артығырақ.
Сондықтан болса керек, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
хадистерінің бірінде: «
Әйелдер төрт түрлі ерекшелігіне
қарай таңдалады: дүние-байлығы, сұлулығы, тектілігі
және діндарлығы. Сендер діндарын таңдаңдар
» деп
кеңес берген.
Алла тағала қасиетті Құранда былай дейді: «
Әй,
адам баласы, ұятты жерлеріңді жабатын киім, оның
үстінен киетін сәндік киім түсірдік. Алайда тақуалық
киімі ең жақсы
» делінген («Ағраф» сүресі, 26-аят).
Ар-намысына шаң жуытпайтын, бөтен еркектермен бет
алды сөйлесе бермейтін, әр жерде инабатымен жұртты
иіте білетін әйел, шынында да, еркектің бақыты.