Previous Page  96 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 192 Next Page
Page Background

96

Отбасы жылылығы

Қазақта отбасы, ошақ қасы, отағасы деген ұғымдар

бар. Байқап қарасақ, бұл айтылғандардың барлығы

жылылықпен байланысты болуы тегін емес. Өйткені

әркімнің жан жылуына ең көп бөленетін жері өзінің

отбасы. Күнкөріс қамымен белгілі бір уақыт үй ішінен

алыстап кеткендер «Өз үйім – өлең төсегім» деп өз

шаңырағын аңсап, сағынады. Адам жаратылысындағы

осы бір сырдың мәнісін Ислам дінінен іздесек, қасиетті

Құран кәрімде мынадай аят бар: «

Оларға бойларың

үйреніп тұрақтауларың үшін сендерге өздеріңнен

(өздерің секілді адам санатынан) жұбайлар жара-

тып, араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салуы

да Оның (құдіретін танытатын) белгілерінің бірі. Ой

жүгірте білетін қауым үшін мұнда көп ғибрат бар

»

(«Рум» сүресі, 21-аят).

Бұл аятта әйел заты ер адамның көңіліне тұрақ екені

білдірілген. Сондықтан бақыт пен жылылықты адамдар

өзгеден емес, өз әйелдерінің бойынан іздегені жөн.

Әйел – нәзік жаратылыс. Нәзіктігі ісінен де,

сөзінен де, мінез-құлқынан да көрініс береді. Тіпті

дауысының өзінде бір сыр болатынын бірқатар

хадистердің мазмұнынан аңғарамыз. Сондай-ақ әйел

кісінің пысықтығы мен ептілігі, икемділігі мен еркекке

қарағанда жылдамдығы, сезімталдығы, ибасы мен ина-

баты, ұяты мен намысшылдығы, пәктігі мен тазалығы,

мейірімі мен жылы жүзі – бәрі де әйелдің түп жараты-

лысында бар қасиеттер.