95
Отбасы шаттығы
Содан соң жұмысына барып балаға дәріс береді. Бұл
кезде ол − мұғалім. Жұмыс арасында құрбыларымен
сөйлеседі. Өйткені, ол − дос. Солардың арасын-
да уақыты келген намазын оқып, Аллаға дұға етіп,
мұсылмандық міндеттерін орындауға тиіс. Өйткені ол
− Алланың құлы. Көрдіңіз бе, әйел бір күн ішінде ана
да, жар да, дос та, қоғам қызметкері де болады. Міне,
мұның бәрінің сәтті жасалуы үшін міндетті түрде оның
иманының күштілігі, мұсылмандығының беріктігі
қажет. Мұсылмандығы кемшін тартса, бұл істер адамды
шаршатып қалжыратып, ал егер Аллаға шын берілген
иманды жан болса, керісінше адамға рухани ләззат сый-
лайды. Оның ішкі руханияты әрбір рөлін ауыстырған
сайын жаңарып, сергіп, тазарып отырады. Пенденің
ішкі әлемі бұлақ секілді, аққан сайын тазарады.