Previous Page  100 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 100 / 192 Next Page
Page Background

100

Даналық ойдан дән ізде

бір мінезі нашар екен деп, оны түбегейлі жек көрмеген

жөн.

Сондай-ақ Алла тағала қасиетті аяттардың бірінде:

«

Әй, адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам ата-

дан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа

ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді

таратқан Раббыларыңнан (үйде ұрыс-керіс жасауға)

қорқыңдар. Өзара бір нәрсе сұрасқанда, оның аты-

мен сұрайтын Алладан қорқыңдар, әрі туыстық

байланысты үзуден сақтаныңдар. Ақиқатында,

Алла сендерді бақылаушы

»

(«Ниса» сүресі,

1-аят).

Бұл аяттың ер мен әйелге бірдей қатысы бар. Байқап

отырсақ, онда ер мен әйелді жоқтан бар еткен, олардың

өсіп, өніп, бала сүйіп, ұрпақ жалғастыруына жағдай

жасаған Алла тағаладан қорқу сезімі туыстық мәмілемен

байланыстырылған. Қарапайым тілмен айтқанда,

мұнда ерлі-зайыптыларға: Сендер мүлдем жоқ едіңдер,

ештеңеге ие де емес едіңдер. Алланың қалауымен бар

болып, бірқатар заттарға иелік етіп жүрсіңдер. Жаратқан

Иелерің сендерді үнемі бақылауда. Енді Оның назарын-

да ұрысып, таласуға қандай ақыларың бар, Алладан

қорықпайсыңдар ма деген бір үгіт жасалып тұрғандай.

Бұл бір. Екіншіден, онда жер бетіндегі бүкіл адам баласы

бір ата, бір анадан тарағандығы, демек, бір-бірімен бау-

ыр екендігі айтылған. Абай атамыздың «

Адамзаттың

бәрін сүй бауырым деп

» деген сөзі осы ақиқатты дөп

басқан. Ал енді адамдар, соның ішінде ерлі-зайыптылар

бақытты болғысы келсе, бірін-бірі туған бауырындай

сыйлап, құрметтеп, жақсы көруі тиіс. Демек, күйеудің

қит етсе, айқайлауы, әйелдің ыдыс-аяқты сықарлата

жөнелуі Алла тағаланың назарында әдепсіздікке жа-