104
Даналық ойдан дән ізде
бір кемшілігіне қарап, оның бүкіл мінезі жаман деген
асығыс қорытынды шығару ағаттық. Ақылға салып
көріңіз, теңіздегі бір кемеде он кісі болып, оның тоғызы
жақсы адам, қалған біреуі залым, қаныпезер болса, сол
кеменің суға батып кеткенін қалар ма едіңіз. Әрине,
жоқ. Ал енді біреуі ғана жақсы болып, қалған тоғызы
нашар адам болса, онда да кеменің суға батуын тілемес
едіңіз. Міне, осы секілді ерлі-зайыптылар бір-бірінің
жақсы жақтарын көріп, жамандықтарын көрмеуге не-
месе кешіре салуға талпынғандары дұрыс.
Ер адам да өз кезегінде әйелінің жақсылықтарын
бағалай білгені абзал. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «
Шүкір
етуші жүрекке, Алланы зікір етуші тілге және ақырет
жөнінде сіздерге жәрдемші болатын ізгі әйелдерге
иелік етуге тырысыңдар. Бұл дүниеде үш нәрсені
жақсы көрдім: жұпар иіс, ізгі әйел және намаз
» деп
ер адамдарға кеңес берген. Бұл хадисте Алланың елшісі
ақырет ісінде көмек беретін ізгі әйелдің орнын алабөтен
мақтап отыр. Сондықтан егер әйеліңіз сізді таңғы
намазға оятып, ораза тұтқанда сәрелік асыңызды даяр-
лап берсе, кітап оқып білім алуыңызға ыңғайлы жағдай
тудырып отырса, шариғат талаптарымен өмір сүруде
көмегін аянбаса, ондай алтын басты әйелдің қадірін
білу сіздің ұлық міндетіңіз. Мұсылман әйелдің өзінің
пәк денесін бөтен көздерге көрсетпей, тек күйеуі үшін
таза ұстауының өзі ерекше құрмет тұтарлық. Қазекем
мұндайда «Анаңның емген сүті үшін нағашыңды сый-
ла, балаңның емген сүті үшін әйеліңді сыйла» деп
мақалдатқан.
Осы тұста қазақ әйелін көп жылдар бойы зерттеп-
зерделеген, сөйтіп әдебиетте аналар галереясын жасаған
Ғабит Мүсірепов атамыздың мына бір сөзін еске ала