Previous Page  109 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 192 Next Page
Page Background

109

Отбасы шаттығы

Мәселеге тағы бір қырынан келсек, бұрыннан таныс

емес, жаңа бір елге келін боп түскен әйелдің ең жақын

әрі жанашыр адамы − оның күйеуі. Өзге ешкімді танып

білмейді. Туған әке-шешесін, аға-інісін, бауырларын,

туған жерін – бәрін тастап бейтаныс елге келді. Сол

кезде арқа сүйеген күйеуінен қолдау таппаған, дұрыс

құрмет көрмеген әйелдің жүрегі қатайып кетуі әбден

ықтимал. Анасының орнын енесі, әкесінің орнын қайын

атасы басуға тырысады. Бірақ оларға үйреніп, үйлесудің

өзі уақытты қажет етеді. Үйлену оңай, үй болу қиын

дегеннің бір мәні осында. Сондықтан әйелді ұрып жүріп

емес, құрметтеп жүріп тәрбиелеу керек.

Қысқасын айтқанда, отбасындағы бақыттың негізгі

себебі ерлі-зайыптылар арасындағы өзара құрметке

байланысты. Ендеше, Аллаға сенген, ақыретке иман

келтірген адамдар бір-біріне барынша құрметпен

қарағаны дұрыс.