Previous Page  115 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 115 / 192 Next Page
Page Background

115

Отбасы шаттығы

үйдегі нәрсені рұқсатсыз бергеннен туындайды. Бәрінен

қиыны, қазір үйінен сыртқа шығарда күйеуінен рұқсат

сұрайтындарды ілуде біреу кезіктіретініміз жасырын

емес. Әйелдер көшеге қалаған уақытында шығады,

қалаған уақытында келеді. Ал ғайып пердесінің арғы

жағында бұл істің қалай бағаланып жатқанымен ісі

де жоқ. Хадисте айтылғандай, әйел рұқсатсыз көшеге

шығар болса, аспан мен жердегі періштелер: «Лағынет,

лағынет! Алланың лағынетіне ұшырағыр!» деп қарғап

тұрады. Көктемнің жаңбыры нөсерлете жауғаны секілді

ол әйел үйіне келгенге дейін төбесінен қарғыс жауып

тұрады. Енді ойлап көріңіз, осынша қарғысқа ұшыраған

әйелдің қай ісі оңады?

Тіпті күйеуінікі дұрыс болмаған жағдайда да

әйелі Алла разылығы үшін сабыр етеді. Өйткені тағы

бір хадисінде пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «

Әйелдің Алла

жолындағы күресі – күйеуінен көрген қиындықтарға

шыдап сабыр етуі

»,

деген Біреулер әйелдің рөлі

неге сонша төмен деп ойлауы мүмкін. Оларға айта-

рымыз, ертең Ұлы есеп күнінде Алла тағаланың ал-

дында әйелінің бүкіл өмірі үшін жауап беру еркекке

оңай соға ма? Еркек тозақ пен жұмақтың ортасында

өзі үшін қалай қиналып жауап берсе, отбасының бұл

дүниедегі тірлігі үшін де қатал жауапқа тартылады.

Құрандағы: «

Әй, иман еткендер, өздеріңді және үй

іші отбасыларыңды отыны адамдар мен тастан

болған тозақ отынан сақтаңдар

» деген аят бекерге

айтылмаған («Тахрим» сүресі, 6-аят).

Ендеше, ертең «әйелің неге Алланың мынадай-

мынадай бұйрықтарын орындамады» деп сұрайды.

Соған жауап беру оңай ма? Әйелдің бүкіл істері, жақсы-

жаман сөздері, мінездері, құлшылықтары, күнәлары,