120
Даналық ойдан дән ізде
Имам Ғазалидың да бұл турасында мынадай пікірі
мәлім: «Адам күш-қуатымен абыройға кенелмейді.
Әйтпесе адамға қарағанда түйе әлдеқайда абыройлы
болуы керек еді. Өйткені түйе күштірек. Денесінің
үлкендігінен де емес. Өйткені пілдер адамнан әлдеқайда
үлкен. Абырой-атақ батырлыққа да байланысты емес.
Адам ормандағы жыртқыш аңдардан асқан батыр бола
алмайды. Көп тамақ жегеннен де адамның қадірі арт-
пайды. Себебі өгіздердің асқазаны адамның қарнынан
әлдеқайда үлкен. Қысқасы, бұл айтылғандардың ешбірі
сенің дәрежеңді асырып, асқақтатпайды. Сені абыройлы
қылатын бір-ақ нәрсе бар. Ол – ғылым-білім».
Ғылым-білім отбасының дұрыс қалыптасуына
қажетті азық болып саналады. Бұл азықты дұрыс
алмағандар рухани тұрғыдан қатты жұтаңдайды.
Сайид әл-Маусили деген ғалым былай деген:
«Ауру адам ішіп-жемесе, емделмесе, әлбетте өліп
қалады. Адам жүрегі де сондай ауруға ұқсайды. Үш күн
қатарынан ғылым мен хикметтен мақұрым қалса, ол да
рухани тұрғыдан өледі». Ғылым-біліммен қаруланған
адамның екі дүниедегі несібесі өте зор. Бұл жайлы Ибн
Масғұттың мынадай сөзі бар: «Ғылым-білім түбегейлі
жоқ болмай тұрып оған жабысыңдар. Ал ілім-білім оны
таратушылардың азаюынан жоғалады. Шыбын жаным-
ды құдіретті уысында ұстаған Аллаға ант етейін, дін
жолындағы күресте шейіт болғандар ғалымдардың
ақыреттегі мәртебесін көргенде, бірден Алладан қайта
тіріліп, ғалым болып қайтыс болуды сұрайды. Ешкім
де анасынан ғалым болып туылмайды. Білім тек қана
еңбек етіп үйренумен келетін нығмет».
Бұл айтылғандар адамның өз отбасында ғылым-
білім үйренуге және үйретуге көңіл бөлуге міндетті