Previous Page  123 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 192 Next Page
Page Background

123

Отбасы шаттығы

Мәлик оның ата діннен безгеніне күйініп, бұлқан-талқан

ашуланды. Исламға дейін Мекке жұртшылығы 360 түрлі

жалған құдайға табынып, бірі тасқа, бірі қасқырға, бірі

отқа, енді бірі жеп отырған нанына сыйынатын. Базар-

ларында қолдан жасалған жалған құдайлар сатылатын.

Міне, сол жолды тастап, Исламға бет бұрғаны үшін Үммі

Сүләймге (р.а.) де күйеуі барынша қарсылық білдіріп

бақты. Бірақ Үммү Сүләйм күйеуіне: «Мен діннен без-

ген жоқпын. Бар болғаны Мұхаммед пайғамбарға иман

келтірдім» деп қысқа ғана жауап қайырды. Сөйтіп Әнас

деген ұлын мұсылманша бағытта тәрбиелей бастады.

Күйеуі Мәлик әйелінің бұл ісіне де тосқауыл қоя алма-

ды. Ақыры әбден ашуланып, Шам қаласын бетке алып

кетіп қалды. Жолда бір дұшпандары тарапынан қазаға

ұшырап жан тапсырды.

Жесір қалған Үммү Сүләйм баласы ер жетіп, жүрген

жерінде ұтымды сөз сөйлей алатындай деңгейге жет-

кенге дейін екінші рет тұрмысқа шықпайтын болып

бекінді. Арада жылдар өтті. Сөйтіп жүргенде Мәдина

қаласында тұратын мергендігімен аты шыққан Әбу Тал-

ха деген батыр бұған сөз салады. Әбу Талха қанша жер-

ден дәулетті, әрі батыр болғанымен әлі мұсылмандықты

қабылдамаған еді. Сонда Әбу Талханың білдірген

ниетін тыңдап алған соң Үммү Сүләйм былай деді: «Сөз

салып қолқалағаныңа кет әрі емеспін. Бірақ меңіреу

пұттарға табынып жүрген мүшріксің, ал мен Аллаға

шүкір, мұсылманмын. Екеуміздің дәм-тұзымыз жара-

са қояр ма екен? Әй, Әбу Талха, өзің ойланып көрші.

Пұттардың өзіңе ешқандай пайда немесе зиян келтіре

алмайтынын білесің. Сондай меңіреу, мылқау тастарға

табыну сендей азаматқа жараса ма? Сен құдай санаған

ағашың жерден өсіп шығады. Оны бір ағаш шебері бал-