Previous Page  129 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 129 / 192 Next Page
Page Background

129

Отбасы шаттығы

азаяды. Отбасындағы бала тәрбиесі, оның болашағы,

қонақ күту, материалдық жағдай, рухани кемелдену

тұрғысында жеті рет өлшеп, бір рет кесудің игілігі

мол.

Қазақ халқының өмір тарихына қарап отырсақ, қай

кезде де ақылдасудың, кеңесіп отырудың маңызды

істер қатарына жатқанын көреміз. Бір ғана мысал,

Асан Қайғы бабамыздың Жемнен Ойылға, Ойылдан

Еділге көшкенде кеңес қылмадың деп Жәнібек ханға

ренішін білдіретіні белгілі. Ал халқымызға қырғидай

тиген жоңғарларға қарсы үш жүздің билері жиналып

ақылдасқаны, нәтижесінде жауды ойсырата жеңіп, елді

аман алып қалғаны да тарихымызда жазылған.

Алайда ақылдасу деген көпшілік не айтса, сол

пікірді қолдау дегенді білдірмейді. Кеңесудің негізгі

мәні көп жұрттың пікірін білу емес, дұрыс шешім табу.

Бір адамның ескермей қалғанын екінші адам, оның еле-

мей қалдырғанын үшінші адам ортаға салар деп кеңес

өткізіледі. Жиналып алып, әркім өз сөзін қабылдатам

деп, улап-шулап, жиналысты дабыраға айналдырып

жатса, ондай кеңестің берекесі кетеді. Абай хакім «Көп

айтса болды, Жұрт айтса көнді, Әдеті надан адамның»

деп осындай пәтуасыз жиналысқа сүйенген адамды

өткір сынға алған. Сондықтан кеңесті өмір тәжірибесі

мол, жан-жақты білімі бар, мұсылмандық негіздерін

бес саусағындай жақсы білетін адамның басқарып

отырғаны жөн.

Кеңес соңында көтерілген мәселе әбден екшеліп,

жан-жақты талқыланып, қорытылып барып нақты

шешім шығарылады. Ол шешімнің өзі Алла тағалаға

тәуекел етіледі. Себебі әрбір істің нәтижесі қандай

болып шығары жалғыз Аллаға ғана аян. Құранда: