127
Ақылдасудың берекесі
Адам баласының басқа жаратылыстардан
артықшылықтарының бірі – оның ақыл иесі болу-
ында. Нұрлы ақылдың арқасында адам екі дүниенің
бақытына қауыша алады. Ақылымен өмірде кездескен
көптеген мәселелерді шешеді. «Ер ісі ақылға ермек,
бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек» деп
Абай осы ақылды шынайы ерге лайық көреді. Алайда
кейбір маңызды мәселелерде бір адамның ақылы аздық
етуі мүмкін. Сондай кездерде адамға ең қажетті істердің
бірі – ақылдасу, кеңесу. Қазақтың «бір бастан екі бас
артық» дейтіні осыдан.
Ал Ислам дінінде әр істі тәжірибесі бар кісілермен
ақылдасып шешу өте құптарлық істердің қатарына
жатады. Сондықтан отбасының да бақытты ғұмыр
кешуінің бір сыры – бірге ақылдасып, ортақ кеңесуде
жатыр. Қасиетті Құран кәрімде ешқашан таусылмайтын
мәңгі және бұл дүниенің барша қазынасынан әлдеқайда
қайырлы ақырет нығметтері «істерін бір-бірімен кеңесіп
бекітетіндерге тән» екендігі білдірілген («Шура» сүресі,
36,38-аяттар).
Егер осы аяттың бас-аяғын толық алып қарасақ, онда
«әр істі кеңесіп бекіту» деген сипат Аллаға иман келтіру,
Раббыларына тәуекел ету, ашу қысқанда кешірім ете
алу, күнәлі істер мен бұзақылықтан сақтану, Аллаға
толық бойұсыну, намазды толық әрі баппен оқу деген
сипаттармен қатар берілген. Демек, ақылдасу, кеңесудің
Ислам дініндегі орны иманмен, намазбен, күнәлардан
сақтанумен қатар деңгейде десек қателеспейміз. Осы