132
Даналық ойдан дән ізде
көрінеді. Сөйтіп үлкен бір жаңалық ашқандай
сезініп, әлгі тізімді бір данышпан кісіге тәкаппарлана
ұсыныпты. Сонда данышпан: «Тамаша тізім жасапсың.
Бірақ ең маңызды бір нәрсені ұмыт қалдырыпсың» деп,
қарындашымен әлгі тізімге «жүрек байлығы» деген бір
ауыз сөз қосыпты да, былай депті: «Алла әркімге ақыл-
ес пен денсаулық беруі мүмкін. Ал жүрек байлығын
таңдаулы құлдарына ғана нәсіп етеді». Алғашқыда
ғалымға бұл сөз сенімсіздеу боп көрініпті. Содан ба-
стап қартайғанша жүрек байлығы жөнінде тәжірибелер
жасап, зерттеулер жүргізеді. Ақыр соңында мына-
дай ой түйеді: «Бұл өмірде кез келген адамның түпкі
іздейтіні – жүрек байлығы мен жан тыныштығы. Жүрек
байлығынан өзге ешбір нәрсе адамға бақытты сездіре ал-
майды. Жүрек байлығы дүниесіз де, тіпті денсаулықсыз
да нығая беретінін көрдім. Жүрек бақыты ең қарапайым
лашықты хан сарайына айналдыра алады. Ал жүректің
бақытсыздығы патша сарайын қараңғы қапас зынданға
айналдырады». Міне бұл америкалық доктордың жарты
ғасыр бойы ізденіп жүріп, бақытты ғұмыр кешу үшін
жүрек байлығынан артық ештеңе таба алмағанының
нақты дерегі. Ал осындай елу жылдық тыңғылықты
зерттеудің қорытындысы қасиетті Құран кәрімнің:
«
Естеріңде болсын, жүректер Алланы еске алумен
ғана тыныштық табады
» («Рағыд» сүресі, 28-аят) де-
ген бір ғана аятында түйінделген. Ендеше, отбасының
шаттығы баянды болуы үшін ерлі-зайыптылар арасында
жүрек байлығына тең келер қасиет жоқ.
Енді иманды жанның бақытқа қол жеткізер көп
себебінің біріне тоқтала кетейік. Иманмен сусындаған
адамның бақыты оның өз жаратылыс табиғатына сай