137
Отбасы шаттығы
қабыл етпейді және осы мінезін тастағанша Алла оған
қаһарланады
».
Әйел кісі:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) енді бірде:
«
Ерінің әйелі алдындағы міндеті – оны асырауы,
киіндіруі, қабақ түйіп түнермеуі
» деп бұйырыпты.
Осы тұста хазірет Әлидің де тамаша бір сөзі бар:
«
Әйелдерді жұмсақтықпен басқарыңдар, олармен
сыпайы сөйлесіңдер, сонда олар да сендермен қарым-
қатынасын жақсарта түседі
».
Ер адам:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбәрак сөзінде:
«
Әйелдің күйеуіне қатысты міндеттері мыналар:
үйге шам жағу (бір кездері бұл қиын істердің бірі
болған), ас-тағам дайындау, күйеуі сырттан келген-
де жылы қарсы алып амандасуы, дәрет алар құмғаны
мен сүлгісін дайындап беруі, үзірі болмаса, күйеуінің
қалауын қайтармауы
». Сондай-ақ тағы бір хадисінде
былай дейді: «
Ерлердің әйелдердегі ақылары сияқты,
әйелдердің де ерлерде белгілі бір ақылары бар. Сендердің
әйелдеріңдегі ақыларың мыналар: олардың бөтен ер-
кектермен шариғат бұйырмаған қарым-қатынасқа
бармауы, қайырлы істерде сендерге қарсы шықпауы.
Міне, осыларды мұқият орындаған соң, сендер де
оларды жақсылап асырап, ішіп-жеуі мен киімдерін
қамтамасыз етулерің керек. Ерекше айтарым, оларды
ұрып-соқпаңдар».
Міне, еркектің әйелден талап етер
бірқатар ақылары осылар.
Әйел кісі:
Иә, қандай тамаша! Жаратушы Иеміз сол
сый-сыяпатқа біздерді лайық етсін. Ер адамдардың да
бақытты болуы үшін мына бір хадистің маңызы орасан:
«
Шын мәнінде, ер адам өз жарына жегізген бір түйір
ас үшін де сый-сыяпатқа бөленеді
». «
Бір жұтым су
үшін
» деп келетін де осы мазмұндағы хадис бар. «
От-